"Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының құттықтау сөзі

Құрметті сайтқа келушілер! 

Сіздерді Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының ресми WEB-сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымын.


Жер қатынастары басқармасы «Электрондық үкімет» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы сайтты аша отырып, Басқарманың қала тұрғындарымен байланыстары дамып тереңдеуіне зор үміт артады. Жер қатынастары басқармасының және оның бөлімдерінің қызметі, жер пайдалануда болып жатқан өзгерістер, жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ жер қатынастары саласында қаланың жалпы даму болашағы туралы барынша толық ақпаратты әрбір сайтқа келуші ала алады. «Сұрақ-жауап» бөлімінде Сіздер Басқармамен пікір алысып, қалалық әкімдік пен мәслихаттың қабылданатын шешімдері жобаларын талқылауға қатыса аласыздар. Сонымен қоса, қала халқының осы сайтты пайдалана отырып, қаланың өмір тіршілігіне тікелей қатысуға, Басқарманың қызметін жақсарту және жер заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндігі бар. Осы сайттың ерекше ыңғайлылығы – әрбір келуші Басқарма басшылығына, сондай-ақ оның бөлімдерінің бастықтарына тікелей жүгіне алады, қызықтырған сұрағына жауап ала алады. Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының ресми WEB-сайты хабар қайнары және оған келушілердің сенімді көмекшісі бола отырып Басқарманың, Астана қаласы әкімдігінің мәселелерін шешуге ықпал етеді деген үміттемін.

Құрметпен,

Т. Нұркенов



Жаңалықтар

16.11.11

Назарбаев өз жарлығымен парламентті таратты

Подробнее

Астана. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісін таратты.

15.11.11

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс

Подробнее

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты концультация өткізді.

15.11.11

Қазақстан теңгесі өзінің туған күнін атап өтуде

Подробнее

Астана. Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстанның ақша бірлігі - теңге өзінің «кәмелеттік жасқа толуын» атап өтуде. Елдің Ұлттық валютасы 15 қараша күні 18 жасқа толды.